Басты бет18 ақпанда Tаrtyl Fest гранд-финалы өтеді

18 ақпанда Tаrtyl Fest гранд-финалы өтеді

18 ақпанда Tаrtyl Fest гранд-финалы өтеді 18 ақпанда Tаrtyl Fest гранд-финалы өтеді

18 ақпанда елордада дәстүрлі Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді. ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «ҚР Президенті Телерадиокешенінің» Jibek Joly телеарнасы сол күні сағат 12:00-ден бастап жарысты тікелей эфирде көрсетеді.

Жыл сайынғы дәстүрлі турнир ҚР Президенті жанындағы «Dara» таланттарды қолдау қорының бастамасымен өтетінін айта кетейік.

Биыл ақтық сынға өңірлік іріктеу сайыстарында үздік нәтиже көрсеткен 170 спортшы шығып отыр. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 18 жасқа дейінгілер, 18-30 жас аралығындағылар және 30 жастар асқандар болып үш топқа бөлінеді. Спортшылардың салмағына қарай топтардың әрқайсысы тағы үшке бөлінеді. Осылайша 170 спортшы 9 топқа бөлініп, белтемірге тартылып жарысады.

Гранд-финал жеңімпаздары Street Workout бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.