Республика күніне орай ҚР Президентінің Іс басқармасында салтанатты жиын өтті. Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, атқарылған жұмыс барысын қысқаша қорытындылап өтті.
– 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларация ел тәуелсіздігінің бастауы, халқымыз аңсаған азаттық пен бостандықтың алғышарты болды. Бүгінде Ұлттық мереке мәртебесі берілген бұл мейрам сол үшін де қастерлі. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Көздеген мақсат-мұраттарыңызға жетіп, шаңырақтарыңызда әрдайым шаттық пен бақ-береке болсын! – деді А.Дәдебаев.
Салтанатты іс-шарада бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылды.
Президент Іс басқарушысының орынбасары Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы «Парасат» орденімен марапатталды.
«Құрмет» ордені – Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ орманшысы Әбдірахманов Болат Қанафьяұлына, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК ұшқыш-нұсқаушысы Ладашин Сергей Станиславовичке, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ аға мейірбикесі Позёмина Любовь Ивановнаға, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК жетекші редакторы Шыныбаева Ирина Владимировнаға, Президент Іс басқармасының «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК әуе кемесінің командирі Есетов Жанат Қажығалиұлына берілді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» РМК бас маманы Ахметов Сағадат Жасқайратұлы, Президент Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директорының орынбасары Әкімов Жеткерген Төлегенұлы, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК тазалау жөніндегі менеджері Әлімбекова Есенкүл Есікбайқызы, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК директорының орынбасары Батрачин Нұрлан Мәжитұлы, «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК қызмет бастығы Денисов Анатолий Иванович, «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК жетекші маманы Елкеева Диляра Зарыпқызы, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК газэлектрдәнекерлеушісі Жүнісов Жанат Зейілбекұлы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ инспекторы Қасымов Жанат Сәбиұлы, «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ жүргізушісі Қойкенов Қайриден Қайдарұлы, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК аға коменданты Мадышева Амангүл Карсембайқызы, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК жүргізушісі Мазуренко Владимир Анатольевич, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ вице-президенті Омарқұлова Жанар Көкенқызы, Президент Іс басқармасының бас консультанты Рахымгожин Дидар Сабыржанұлы марапатталды.
ҚР ПІБ орталық аппараты мен бағынысты ұйымдарының тағы 21 қызметкерінің еңбегі жоғары бағаланып, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар тапсырылды