Басты бетПрезиденттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады

Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады

Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады Президенттің Іс басқарушысы Орманшылар күнімен құттықтады

Қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев осы күнге орай «Бурабай» ұлттық паркінің ұжымын құттықтады. 

– Халқымызда «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген даналық сөз бар. Орман – біздің баға жетпес байлығымыз, халқымыздың ен дәулеті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тал егу, орманды алқаптарды ұлғайту ісіне тікелей назар аударып отыр. Бұл орайда, «Бурабай» ұлттық саябағында еңбек ететін 500-ден астам білікті де жауапты мамандар аса маңызды жұмысты адал атқарып жүргені сөзсіз. 

Сіздер қыстың қақаған аязы мен бұрқаған боранында, жаздың аптап ыстығында табиғаттың осынау керемет сыйын көздің қарашығындай қорғайсыздар. 129 мың гектардан астам алқапты табиғи және адам қолымен жасалатын апаттардан аман сақтау оңай шаруа емес, – деп жазды ол өзінің телеграм арнасында. 

А.Дәдебаев орманшылардың Smart Burabay жүйесін тиімді пайдаланып, орман өртінің таралуына жол бермегенін, соның арқасында кейінгі екі жылда өртенген жердің көлемі 13 есе төмендегенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ елімізде орман алқаптарын кеңейтуге «Бурабай» қызметкерлерінің қомақты үлес қосып жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, былтыр ұлттық паркте 66 гектарға 500 мың түптен артық ағаш егілсе, биыл тағы 550 мыңнан астам қарағай мен қайың көшеті отырғызылған. 

Құттықтауда айтылғандай, бүгінде ынтымағы жарасқан тату ұжымда орманшылықты атакәсіпке айналдырған Абдрахмановтар, Әбілдиновтер, Дороговтар, Красноусовтар, Махметовтер, Омаровтар, Рахматулиндер сынды еңбеккер әулеттер бар. Саналы ғұмырын осы салаға арнап жүрген Қабдрашит Махметов, Александр Макаренко, Владимир Канцев және басқа да ардагерлердің еңбегі бір төбе. 

– Сұлу Көкшенің жайқалған желегін, жан-жануарларын халық игілігіне жарату жолында атқарып жүрген ерен еңбектеріңіз үшін өздеріңізге шын көңілден ризашылығымды білдіремін, – деген А.Дәдебаев барша ұжым мүшелеріне мықты денсаулық, отбастарына бақ-береке, мол табыс тіледі.


«Бурабай» ұлттық табиғи паркі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ жүйесіне кіретін мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі екенін айта кетейік. Ол ҚР Президенті Іс басқармасына қарайды.