Басты бетВолейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды

Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды

Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды Волейболдан Автошаруашылық жеңімпаз атанды

Елордада ҚР Президенті Іс басқармасының қызметкерлері дәстүрлі спартакиада аясында волейболдан шеберлік байқасты.  

Жарысқа Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Әкімшілік ғимараттар дирекциясы, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, «Бүркіт» авиакомпаниясы, «Бурабай» ұлттық паркі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы және Іс Басқармасының орталық аппараты қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты.

Алғашқы іріктеу кезеңдерінде командалар бір-бірімен кездесіп, көп ұпай жинаған үздіктері іріктеліп шықты. Медициналық орталық, Автошаруашылық және «Бүркіт» авикомпаниясының волейболшылары қарсылас шақ келтірмеді.

Ақтық кезеңде жүлделі орындарды осы үш ұйымның ойыншылары сарапқа салған болатын. Тартысты бәсекеде Іс Басқармасына қарасты Автошаруашылық бас бәйгені жеңіп алды. Екінші орын Медициналық орталық мамандарынан құралған командаға бұйырды. «Бүркіт» авиакомпаниясының ұжымы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Шеберлігімен көзге түскен жекелей ойыншылар да назардан тыс қалған жоқ. Іс Басқармасы Автошаруашылығының  қызметкері Мирас Туляков «Үздік шабуылшы» атанса, оның әріптесі Қайратхан Сапаров «Үздік қорғаушы» деп танылды. Нәзік жандылар арасында Медициналық орталыққа қарасты «Қарлығаш» балабақшасының қызметкері Алина Шефер – «Үздік ойыншы», «Бүркіт» авиакомпаниясында еңбек ететін Наталья Колыш – «Үздік плеймейкер» атанды. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, сондай-ақ шебер ойыншыларға тиісті дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. 

Жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада аясында бұған дейін шахмат пен бильярдтан, үстел теннисінен және футболдан жарыс өткенін айта кетейік. Командаларды алда тоғызқұмалақтан өтетін сайыс күтіп тұр. Спорттың алты түрінен өтіп жатқан доданың жалпы есебі желтоқсан айында шығарылуға тиіс.