Басты бетАстанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты

Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты

Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты Астанадағы халықаралық іс-шараларды өткізуге  ҚР Президентінің Іс басқармасы белсене атсалысты

Астанадағы АӨСШК саммитін, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдары белсене атсалысты. Бұл туралы Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм каналында айтты.

 

– Астанамызға ат басын тіреген мәртебелі меймандарды лайықты күтіп алу, орналастыру, тасымалдау, медициналық көмек көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді аса жауапты жұмысты мүлтіксіз атқару оңай шаруа емес. Оған Президент Іс басқармасына қарасты ұйымдардың 600 қызметкері жұмылдырылды. Атап айтқанда, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Автошаруашылық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Медицина орталығы және оған қарасты аурухана мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Әкімшілік ғимараттар дирекциясы мен Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы және басқа да мекемелердің қызметкерлері форумды ойдағыдай өткізу үшін аянбай еңбек етті, – деп жазды ол.

Іс Басқармасы жүйесіндегі кәсіпорындардың жұмысы сырт көзге байқала бермегенімен, өте маңызды рөл атқаратынын жеткізген А.Дәдебаев бірқатар мекемелердің істеген жұмысына қысқаша тоқталды. Мәселен,  Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етті. Кездесулер өтетін барлық ғимараттардың ауасына сараптама жасап, радиация, зиянды және улы заттардың жоқ екеніне көз жеткізді, жарық пен микроклиматты тексерді. Әуежайдан бастап, барлық нысандарға дезинфекция жасалды.

А.Дәдебаевтың айтуынша, шетелдік делегацияларды тасымалдауға Президенттің Іс басқармасы Автошаруашылығының 200 жуық машинасы мен жүргізушісі жұмылдырылған. Көліктердің сақадай сай тұруына жағдай жасаудан бөлек, жүргізушілерді тамақтандыру, олардың демалатын орнын әзірлеу, бұзылып қалған көліктерге техникалық қызмет көрсету бригадасы ұйымдастырылды.

Президенттің Іс басқарушысы елордадағы үш бірдей ауқымды жиынды өткізуге ат салысқан барлық бөлімшелердің жұмысын жоғары бағалады. Ел абыройы сынға түскен шақта қыруар жұмысты мүлтіксіз атқарып, күткен үдеден көрінгені үшін ол барлық әріптестеріне шын көңілден ризашылығын жеткізді.