Балалар жылы аясында ҚР Президентінің Іс басқармасында «Ата-анамның мамандығы» атты балғын суретшілер байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Республика күніне орайластырылған салтанатты жиында дипломдармен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Бір айдан астам уақыт ішінде балдырғандардан төрт жүзден аса сурет келіп түскен болатын. Конкурс ережесіне сәйкес, Іс Басқармасына қарасты ұйымдар қызметкерлерінің балалары салған суреттер авторлардың жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлініп бағаланды.
Ата-анасының мамандығын, күнделікті жұмыс орнын өте әсерлі бейнелеген балдырғандардың еңбегін әділ бағалау оңайға түскен жоқ. Конкурстың алғашқы кезеңі Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың ішінде өтті. Әр мекеме өздері үздік деп тапқан он суретті таңдап алып, Іс Басқармасының орталық аппаратына жолдады. Бұл туындылардың барлығы ҚР ПІБ ғимаратында өткен көрмеге қойылып, жұртшылық назарына ұсынылғанын атап өткен жөн.
Осылайша, шешуші кезеңде үздік суреттер осы 140 суреттің ішінен таңдалды. Әділқазылар кеңесе келе 18 баланың еңбегін жүлдеге лайық деп тапты.
6-9 жастағы суретшілер арасында:
1-орын – Меруерт Сахи (Медициналық орталық ауруханасы);
2-орын – Жансерік Мұхтархан («Бүркіт» МАК), Насиба Кисаменова («Қазқұрылысжүйесі» ЖШС);
3-орын – Әбілмансұр Дәуренбек (Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы), Малика Қасен (Телерадиокешен), Максим Павлов («Бурабай» МҰТП).
Осы жас аралығында Томирис Батырбек («Бүркіт» МАК) – «Көңілді сурет» номинациясын, Азалия Серік (Әкімшілік ғимараттар дирекциясы) – «Көркем сурет», Айтуған Булендер (Орталық клиникалық аурухана) – «Әдемі сурет» номинациясын жеңіп алды.
10-14 жас арасында:
1-орын – Карина Боровикова («Бурабай» МҰТП);
2-орын – Ясмин Ғабитқызы (Парламентаризм институты) мен Балнұр Амит (Инженерлік-техникалық орталық);
3-орын – Томирис Рахметова (Медициналық орталық ауруханасы), Даниял Жексембеков (Әкімшілік ғимараттар дирекциясы) және Нұрбақыт Әбілқайыр (Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы).
Сондай-ақ «Көңілді сурет» аталымы бойынша Нұргүл Жұмағалиева (Медициналық орталық ауруханасы), «Көркем сурет» номинациясын иеленген Диа Оңалбек (Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы), «Ұшқыр қиял» аталымында жеңіске жеткен Амир Гафаров (Телерадиокешен) арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және арнайы аталым иегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Суретшілер сайысына қатысқан балдырғандардың барлығына арнайы Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.