Басты бетТіл мерекесіне арналған тағылымды шара

Тіл мерекесіне арналған тағылымды шара

Тіл мерекесіне арналған тағылымды  шара Тіл мерекесіне арналған тағылымды  шара Тіл мерекесіне арналған тағылымды  шара

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ҚР Президентінің Іс басқармасында Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған семинар өтті.

Алқалы жиынның басында сөз алған Іс Басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев мекемеде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келе жатқанын айтты.

– Бүгінгі семинар тақырыбын «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің діңгегі» деп бекер алып отырған жоқпыз. Себебі Ахаңның қазақ тіліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз,–  деді ол.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешев жиында мазмұнды  баяндама жасады. Ол Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ғылымына, мемлекеттілігіне қосқан үлесіне терең тоқталып, Ұлт ұстазының тұлғалық қырын жан-жақты ашып берді.

Іс Басқармасының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы Ұлбала Каюпованың баяндамасын да жиналғандар ықылас қойып тыңдады. Қатысушылар түйген ойларын бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Президенттің Іс басқармасының орталық аппаратында және ведомствоға қарасты мекемелерде ұзақ жылдардан бері еңбек етіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысып жүрген қызметкерлер бар екенін айта кетейік. Семинар барысында осы мамандардың мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі ерекше аталып, олар Президенттің Іс басқармасы аппаратының басшысы Мұрат Дәрібаевтың Алғыс хатымен марапатталды.