Жыл басынан бері Президенттің Іс басқармасына қарасты Орталық клиникалық аурухананың стационарында 6800 адам емделді. Оларға ең жиі көрсетілген медициналық көмек түрлері ретінде кеуде қуысының компьютерлік томографиясы, эхокардиография, спирограмма, холицистактомия, жарықты жою және басқаларын айтуға болады.
Осы уақыт ішінде Орталықтың емханасына келген адамдардың жалпы саны 150 мыңнан асады. Олар негізінен электрокардиография (ЭКГ) мен ультрадыбыстық зерттеу жасатып, офтальмолог, гинеколог, уролог мамандардан көмегіне жүгінген, түрлі сараптама тапсырған.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана еліміздегі ең ертеде ашылған медициналық нысандардың бірі екенін айта кетейік. Көпбейінді клиника мемлекеттік қызметшілерге, кепілді көлемде тегін медициналық көмек аясында тіркелген азаматтарға, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырысы арқылы халыққа жоғары технологиялы арнайы медициналық көмек көрсетеді.