Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, анықтама телефондары: 8(7172) 741503, 741632, факс: 741892, электрондық адрес: konkurs@udp-rk.kz «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымы орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ұлы дала даңғылы, 13.
Кәсіпорын қызметінің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына автокөлік қызметін көрсету, ресми іс-шараларға, шетел делегацияларына, сондай-ақ басқа да жеке және заңды тұлғаларға көлік қызметін көрсету болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білім;
- кәсіпорын саласына ұқсас экономика саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
- мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн iшiнде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.