Басты бетКороновариусқа қарсы шектеу шаралары күшейді

Короновариусқа қарсы шектеу шаралары күшейді

28 шілдеден бастап ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволық мекемелерде шектеу шаралары күшейтілді.

Атап айтқанда, тәуекел тобындағы адамдар қашықтан жұмыс істеу форматына көшірілді (жүкті әйелдер, вирусқа қарсы вакциналауға және ревакциналауға толық қарсы көрсетілімдері бар адамдар). ЖРВИ белгісі байқалған адамдар кеңсе жұмысынан шеттетіледі.

СOVID-19 расталған адаммен байланыста болғандар еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, ПТР тест тапсырмай 7 күн қашықтан жұмыс істеуге тиіс. Олар ауру белгісі пайда болған жағдайда аурухананың сүзгі кабинетіне жүгінеді.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында кеңес, отырыс, конференция және басқа да бұқаралық іс-шараларды бетпе-бет режимде өткізуге, азаматтарды қабылдауға тыйым салынды. Мұндай жиындар тек онлайн форматта өткізілетін болады.

Әкімшілік ғимараттарында шағын лифт кабинасына 2 адамнан, ал үлкен лифтілерде 4 адамнан артық жүруге болмайды. Жұмыс орындарында маска тағу режимін 100% қатаң  сақтау міндеттелді.

ҚР Президентінің Іс басқармасы бөлімшелерінің басшыларына жалпы және уақытша қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, қалған қызметкерлерді вакциналалауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған бұл уақытша шектеулер эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша жалғасады.