Шахмат турнирі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдары командаларының арасында өтетін жылсайынғы спартакиаданың шымылдығын ашты.
Жарыс «жылдам шахмат» немесе шахматшылардың терминологиясымен айтсақ, рапид форматында өтті. Яғни, әр партия үшін қатысушыларда 10 минут уақыт қана болды.
Бірінші орын үшін күрес "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің командасы мен Іс Басқармасының Орталық аппаратының тең ұпай жинаған командасы арасында өрбіді.
Турнир қорытындысын жеке кездесулер шешті.
Нәтижесінде бірінші орынды Президент Іс басқармасының командасы алды. Жеңімпаздардың есімдері: Мұрат Дәрібаев, Мереке Тұтанов, Әділ Сағымбеков.
Екінші орын "Бурабай" МҰТП ойыншыларында, үшінші орын ПІБ Автошаруашылығы командасында.
Спартакиада жыл соңына дейін жалғасады, алда бильярд, боулинг, футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыстар өтеді.