Басты бетБиыл Бурабай ұлттық паркінде жарты миллионнан астам ағаш егілді

Биыл Бурабай ұлттық паркінде жарты миллионнан астам ағаш егілді

Биыл Бурабай ұлттық паркінде жарты миллионнан астам ағаш егілді Биыл Бурабай ұлттық паркінде жарты миллионнан астам ағаш егілді Биыл Бурабай ұлттық паркінде жарты миллионнан астам ағаш егілді Биыл Бурабай ұлттық паркінде жарты миллионнан астам ағаш егілді

Жыл басынан бері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде (ҚР ПІБ қарасты) 66,7 гектар жерге 497 мың түп қарағай мен 22 500 түп қайың отырғызылды.
Ағаш көшеттері ұлттық парктің 1960 жылдан бері жұмыс істейтін тәлімбағында өсірілгенін айта кетейік. Қайың мен қарағайдан бөлек, мұнда қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі және бөріқарақат егіледі.

Қарағай егу үшін инспекторлар қарашадан қаңтар айына дейін орманнан ағаштың бүршіктерін тереді. Кептірілгеннен кейін бүршіктер тиісті температура мен дымқыл жерде біраз уақыт тұрып бүр жарады, тұқым бөледі. Тұқымы арнайы камераларда сақталады.
Күн жылыған кезде мамандар тұқымды топыраққа сеуіп, суарып, арамшөбін жұлып, екі жыл баптайды. Екі жылдан кейін тамыр жая бастаған көшетті жабайы табиғат аясына отырғызады.

Жас көшетті егетін мезгіл де өте маңызды. Ол екі аптаға созылады. Жаңа топырақты жерсінуі үшін көшетті тәлімбақтан тамырындағы мұз қабыршағымен, микрофлорасымен бірге әкеліп отырғызады.

Соңғы 22 жылда Мемлекеттік ұлттық табиғи паркте барлығы 1223,67 гектар жерге ағаш отырғызылып, Бурабай орманы қанат жая түсті.