Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің 01.07.2022 ж. Қаулысына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволық мекемелерде COVID-19-дың таралу салдарын болдырмау мақсатында келесі іс-шараларды орындау тапсырылады.
- Тәуекел тобындағы адамдарды қашықтықтан жұмыс жасау форматына көшіру (жүкті әйелдер, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар адамдар);
- СOVID-19 расталған адаммен байланыста болған адамдар үшін еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, ПТР-тест тапсырмай 7 күнге қашықтықтан жұмыс жасау форматы қамтамасыз етілсін;
- Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында жиналыстарды, отырыстарды, конференцияларды және басқа да бұқаралық іс-шараларды күндізгі форматта өткізуге 10 адамнан аспаған жағдайда рұқсат етілсін. Қатысушылар саны 10-нан асқан жағдайда онлайн форматта өткізу ұсынылады;
- Алыс және жақын шетелден келген адамдарға 3 күн мерзімге үйде оқшаулауды, өз қаражаты есебінен үшінші күнге ПТР-тест тапсырумен қамтамасыз етсін. ПТР-тестінің нәтижесі теріс болған жағдайда жұмысқа еркін шығу қамтамасыз етілсін;
- Жабық ғимараттарда, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қамтамасыз етілсін;
- КВИ-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияны жалғастыру.