Осыған орай, Іс Басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысушылардың болмауына байланысты Конкурстық комиссия мынадай шешім ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс өткізу ұсынылсын.