18 мамырда Айбек Дәдебаев ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымы Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының ұжымымен кездеседі.
Ал, 25 мамырға "Қарлығаш" балабақшасының ұжымымен кездесу жоспарланған.
2 маусымда Айбек Дәдебаев ҚР Президенті Телерадиокешені қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беруге дайын.
Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының ұжымдарымен келесі кездесулер туралы қосымша хабарлаймыз. Әрбір қызметкердің сұрақ қоюға мүмкіндігі болады.