Орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен кездесуге дирекцияның 184 қызметкері келді.
Дирекцияның баспахана қызметкерлерінде басқа елдердегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға және біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша сұраныс бар.
Айбек Дәдебаев кәсіпорын ұжымының сұрақтарына екі сағаттан астам уақыт бойы жауап берді. Сондай-ақ, кез-келген қызметкердің QR-код арқылы оған жазбаша түрде өтініш білдіре алатынын еске салды.
Іс Басқарушы ПІБ құрылымындағы барлық кәсіпорындардың ұжымымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
*ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы күн сайын 10 мыңнан астам адам қызмет ететін ғимараттардың жұмысын қамтамасыз етеді. Оған әкімшілік және қосалқы 11 ғимараты кіреді.
Орталықтандырылған басқару ғимараттарда сервистің бірыңғай стандарттарын енгізуге және клиенттерге сапалы, үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.