Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған жаңа деректі фильмі.
Қызмет еліміздің Президентіне бағынады және есеп береді. Бұл арнайы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жатады.
«Президентті күзету» фильмінің авторы – Константин Харламов мемлекеттік күзет қызметкерлерінің күнделікті міндеттерін өз басынан өткеріп жатыр: ол саптық адыммен жүріп, жарылғышты іздеуді және қолына мерген винтовкасын алып, Парламент Сенатының шатырынан айналаны бақылауды байқап көріп жүр.
Фильмнің кейіпкерлері мен жүргізушілері екі, яғни қазақ және орыс тілдерінде аудармасыз сөйлейді.
Түсірілім бір айға жуық созылды. Осы уақыт ішінде Президент Телерадиокешенінің шығармашылық тобы МКҚ қызметкерлерінің әртүрлі жаттығуларына қатысты, командирлермен сөйлесті және Мемлекет басшысы келген кезде де Мемкүзет қызметінің жұмысын назарға алды.
Фильм 21 сәуірде – Мемлекеттік күзет қызметінің мерейтойында республикалық телеканалдардан көрсетілетін болады.