Александр Викторович Дзюба «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының директоры лауазымынан босату туралы арыз түсіріп, өз еркімен жұмыстан кетті.
Қазіргі уақытта оның міндетін директордың орынбасары – Еркебұлан Сансызбайұлы Оспанов атқаруда.
Бос лауазымға ашық конкурс жарияланады, оған біліктілік талаптарына сай келетін кез келген адам қатыса алады.
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына» (Ұлттық экономика министрінің 02.02.2015 жылғы N 70 бұйрығы) сәйкес өткізіледі.