ҚР ПІБ орталық аппаратымен бірге бекітілген учаскіде ведомстволық қарасты ұйымдардың, яғни Медициналық орталық, Президент Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Инженерлік-техникалық орталық қызметкерлері жұмыс істеді.
Нәтижесінде 250 адам 400 қап қоқыс жинады.
Іс Басқармасының басқа кәсіпорындарының қызметкерлері де сенбілікке шықты және қоғамның экологиялық бастамасын қолдай отырып, өздеріне бекітілген учаскелерді тазалады.