Бурабай аңыздары қазіргі заман техникасының «көзімен». Президент Телерадиокешенінің шығармашылық тобы құс ұшар биіктіктен қорық көріп, енді оны көрерменге ұсынып жатыр.
Жолда оған Абылайхан, Жұмбақтас және Орман қорғаушы да «жолығады».
Бейнесаяхатты спорттық дрондардың көмегімен және GoPro камерасымен түсірген. Мұндай керемет түсірілім, көбінесе, камераның ұшуын жүргізетін пилоттың шеберлігіне байланысты іске асырылады. Жоғары жылдамдықта кадрды ұстап тұру маңызды, ал қол жетпейтін күрделі жерлерде техниканы басқара алмай, жоғалтып алуы да ықтимал.
Телерадиокешеннің осындай жұмысының арқасында Бурабай курорты туристер үшін әлдеқайда қызығырақ болмақ.
Қоюшы режиссер - Алмат Жақсылық
FPV квадрокоптер - Евгений Банщиков
Монтаждау режиссері - Ержан Жолымбетов
Бейнеинженер - Дияз Абдрахманов
Дыбыс режиссёрі - Қанат Берсенқұлов
Музыка - DJ Puza (Арал мұңы)