Басты бет«Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының борты Польшаның Катовице қаласына гуманитарлық көмектің жаң...

«Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының борты Польшаның Катовице қаласына гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жеткізді


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізу үшін арнайы рейс ұйымдастырды.

photo1648470546 (1).jpeg photo1648470546 (2).jpeg

Жалпы салмағы 17,5 тоннаны құрайтын жүктің ішінде төсек-орын, азық-түлік сынды бірінші қажеттілік заттары бар.

Көмек бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украина тарапының өтініші негізінде берілген.

photo1648470547 (1).jpeg

«Бүркіт» әуекомпаниясының ИЛ-76 ұшағы 28 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.02-де Алматыдан ұшты. Ұшу сегіз сағатқа созылды.

Елге қайта бет алған «Бүркіт» ұшағы Қазақстанға барғысы келетін адамдарды бортқа алды. Бұл қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері.

photo1648470547.jpeg