Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы бас санитариялық дәрігерінің әкімшілік ғимараттарға кіру қағидалары т...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы бас санитариялық дәрігерінің әкімшілік ғимараттарға кіру қағидалары туралы қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес басқа адамдардың (азаматтарды қабылдау, БАҚ жұмыскерлері және т.б.) әкімшілік ғимараттарға «ASHYQ» қосымшасымен кіруіне рұқсат етілген: 
- жасыл мәртебесі бар адамдар (COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсымен ванкциналанған; екпе алған сәттен бастап 21 күн ішінде COVID-19-ға қарсы бірінші компонентпен вакциналанған; соңғы 3 ай ішінде қайта ауырып шыққан, COVID-19-ға қарсы ревакциналанғандар);
- тіркелген жері бойынша емханадан берілген (үш қолтаңбамен және мөрмен расталған, бекітілген нысандағы) ДКК түпнұсқа қорытындысы болған жағдайда тұрақты немесе уақытша (қорытындының қолданыс мерзіміне сәйкес)  медициналық қарсы көрсетілімдерімен көк мәртебесі бар адамдар;
- белгісіз себептермен және қолдарында ДКК қорытындысы жоқ,  COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинадан және ревакцинадан өтпеген адамдарға өз қаражатына жасатқан, қолдану мерзімі 7 күнге жарамды COVID-19-ға ПТР-тестін көрсеткен кезде рұқсат етіледі.

Осы қаулы 2022 жылғы 22 ақпанда күшіне енді.