Басты бетТарих ескерткіші – Президенттің Алматыдағы резиденциясын қалпына келтіруге болады

Тарих ескерткіші – Президенттің Алматыдағы резиденциясын қалпына келтіруге болады

2022 жылғы 5-6 қаңтарда Президенттің Алматыдағы резиденциясын бүлікшілер талқандаған болатын. 
Бүлікшілер кіргізген бірінші қабаттағы автомобиль жарылып, өртенген. Өрт жалыны аспанға шарпып, жоғары қабаттардағы темір құрылымдарды ерітіп жіберген. Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйеге зиян келген.



Ең қауіптісі – екінші қабаттағы тіреуіш құрылымының бұзылғаны. Бұл факт ғимараттың одан әрі қолданылуына күмән тудырады.



Қазақстандық құрылымдау және даму көпбейінді институты объектіге техникалық тексеру жүргізіп жатыр. ҚазҚДКИ сарапшылары  қауіпсіздік пен жер сілкінісіне төтеп беруге арналған тіреуіш құрылымын зиян келтірмей ауыстыруға болатынын анықтады. 


   
Бірнеше компания қалпына келтіру жұмыстарын тегін жасап беруге өз жәрдемін ұсынды.
«Интегра constraction kz» ЖШС қызметкерлері объектінің қоршауын қалпына келтірді, қазіргі кезде бүлінген заттарды тазартып, жинау жұмыстарын жүргізуде. Бір күнде объектіде 200-ге дейін адам жұмыс істейді. 
Жоба әзірлеушісі - Inter Art Etudes француз компаниясы ҚР Президентінің Іс басқармасына ғимаратты қалпына келтіру мәселелері бойынша тегін консультация беруге ұсыныс білдірді.  
«Олимпос» ЖШС, «GSI Service» ЖШС, «ПФ «Электросервис» ЖШС, «ЛифтИнвест» ЖШС, «AVC Инжиниринг» ЖШС, «Schneider Electric» ЖШС, «GSI Kazakhstan» ЖШС, «Spector Security ЖШС, «Арабикс» ЖШС инженерлік құрал-жабдықты тексеруде тегін көмек көрсетті. 
Қазіргі кезде резиденцияда жарылыс пен бүліктің салдарын жою жұмыстары аяқталып келеді. Бүлінгендер техникалық тексеруден өткізіліп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтау қажет.  
Мемлекет басшысы қалада болған кезде оның қатысуымен өтетін іс-шараларды қамтамасыз ететін ҚР Президенті Іс басқармасының Алматы қаласында жалғыз резиденциясы бар екенін айта кету керек. Осыған байланысты, Іс Басқармасы ғимараттың қазіргі жұмыс істеу бағытын өзгертуді қарастырмайды.  
Президенттің Алматы қаласындағы резиденциясы мемлекеттік ресми іс-шараларды өткізуге лайықталып, арнайы жоспарланған. Оның ішінде кішігірім кабинеттер мен үлкен зал алаңдары бар. Мұндай құрылымдар басқа үдерістерді ұйымдастыруға келмейді.    
Резиденцияның ғимараты тарих пен мәдениеттің республикалық маңызы бар ескерткіші болып қалады