Басты бетТалғат Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Талғат Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
30 жылдан астам уақытын мемлекеттік қызметке арнаған Талғат Жақан экономист, экономика магистрі (РФ СІМ Дипломатиялық академиясы).
Еңбек жолын 1987 жылы мұнай қоймасының бас бухгалтері қызметінен бастады.
1988-1991 жылдары – Қазтұтыну одағы Республикалық есептеу орталығында инженер, экономист, инженер-экономист, жетекші инженер.
1992-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қаржылық-валюталық бақылау комитетінің Басқармасында бас бақылаушы-ревизор. 
1996-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық-қаржылық департаментінде жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары болған.
2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппарат басшысының орынбасары.
2010 - 2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2012 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2014 - 2016 жылдар аралығында ТМД Атқарушылық комитеті қаржы департаментінің директоры болды.
Ал, 2016-2021 жылдары аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі болды. 
2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-нің басшысы қызметін атқарды.
2022 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лаузымына тағайындалды.