Халықаралық қарттар күні 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бекітілді. Жыл сайын 1 қазан күні дүниежүзінің әр бұрышында Қарттар құқығын қорғау қауымдастықтары түрлі фестивальдер, олардың құқықтары мен қоғамдағы рөлі туралы конференциялар мен жиналыстар ұйымдастырады.
Қазақстанда қарттар күні республикалық деңгейде жылда аталып өтіледі.