Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

World Cleanup day 2021 дүниежүзілік тазалық күні және Birge - taza Qazaqstan республикалық экобастамасы шеңберінде астанада өткізілген сенбілік барысында ҚР ПІБ қызметкерлері 300 қаптан астам қоқыс жинады.


 
Қалалық биліктің бастамасын барлық орталық органның ұжымы қолдады. Іс Басқармасының қызметкерлеріне Есіл өзенінің жағалауындағы учаске берілді. Берілген көлемді олар екі сағаттың ішінде тазартып шықты.



ҚР ПІБ орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының ұжымдары 1997 жылдан бері қаланы көктемде және күзде тазалау шарасына қатысып келеді. Бұл дәстүр астананы көшірген уақыттан бері іске асырылады.