Басты бетҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында флешмоб ұйымдастырды

ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында флешмоб ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені қызметкерлерінің домбыралары Қазақстанның бес облысында бірден шырқалды.



Ұлттық домбыра күніне арналған флешмоб Түркістан, Бурабай, Қарқаралы, Семей және Нұр-Сұлтан қалаларында түсірілді. ТРК арнайы формасын киген дарынды әріптестер Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Осылайша олар қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, баршамызға ортақ құндылық – домбыраны ұлықтауға өз үлестерін қосты.