Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында балалар суреттерінің көрмесі өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында балалар суреттерінің көрмесі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 маусым балалар күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орталық аппараты қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстан – байтақ елім!» тақырыбында сурет көрмесін өткізілді.

Бұл көрме арқылы ересектер әлемді балалардың көзімен көруге мүмкіндік алды.

Экспозицияға 3 пен 14 жас аралығындағы отыз баланың жұмысы қойылды.


Қазылар алқасы жұмыстарды келесі критерий бойынша бағалады:

— Конкурстың тақырыбына сәйкес болу;

— орындау бірегейлігі;

— өзектілігі;

— орындау сапасы.


Конкурстың қорытындысы бойынша 3-7 жас аралығындағы балалардан жүлделі бірінші орынды Байұзақ Әмір, екінші орынды Ерболатова Айсәуле, үшінші орынды Аяшев Әмір иеленді.

Ал 8 бен 14 жас аралығындағы суретшілер арасынан жүлделі 1-орынға Сапкенов Санжар, 2-орынға Қасымбеков Әлидар, 3-орынға Орымбаева Аружан ие болды.